Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
2026 жылғы 19 ақпанда №28 жалпы білім беретін мектепте 9-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру бойынша пайдалы кездесу өтті. Кездесуге Жұмағали Тілеулин атындағы Жоғары медициналық колледжі және Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледжінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында колледж өкілдері оқу орындарындағы мамандықтар, қабылдау шарттары, оқу ерекшеліктері мен түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Іс-шараның тәжірибелік бөлімі оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Олар алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сыныбына қатысып, мамандардың жетекшілігімен жасанды тыныс алдыру тәсілдерін орындап көрді.
Оқушылар белсенділік танытып, мазмұнды сұрақтар қойып, талқылауға қатысты.
Осындай кездесулер 9-сынып оқушыларына болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдау бағытын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.