Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
Еңбекқор, білімді, ақылды, адал ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл қасиеттердің негізі мектеп қабырғасында қаланады. Мектебімізде барлық пәндер мен үйірмелер «Адал азамат» бағдарламасымен ұштастырылып өткізіледі. Әрбір сабақта оқушылар тек білім алып қана қоймай, адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіреді.
Атап айтқанда, көркем еңбек сабағында оқушылар еңбек етуге, бастаған ісін соңына дейін жеткізуге, ұқыптылық пен жауапкершілікке үйренеді. Бірлесіп жұмыс жасау арқылы олар ұйымшылдықты, өзара сыйластықты, бір-біріне көмек көрсетуді меңгереді. Сонымен қатар адал еңбектің қадірін түсініп, шынайылық пен әділдікті өмірлік ұстанымына айналдыруға талпынады.
Біз оқушыларымызды тек білімді ғана емес, рухани бай, елін сүйетін, қоғамға пайдасын тигізетін адал ұрпақ етіп тәрбиелеуді мақсат етеміз. Себебі адалдық – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Осындай құндылықтарды бойына сіңірген жас ұрпақ – еліміздің жарқын болашағының кепілі.