«Жас шеберлер – 2026»
2026 жылғы 25 ақпанда №28 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушылары Солтүстік Қазақстан облысы мектеп оқушылары арасында өткен «Жас шеберлер – 2026» облыстық жұмысшы мамандықтар чемпионатына қатысты
Іс-шара КМҚК «Гуманитарлық-техникалық колледжі» базасында өтті.
Чемпионат барысында қатысушылар теориялық және практикалық тапсырмаларды орындады. Теориялық бөлім кәсіби бағытта құрылып, оқушылар өз білімдері мен дайындық деңгейлерін көрсетті. Практикалық кезеңде қатысушылар өз шеберліктерін іс жүзінде дәлелдеді.
Мұндай байқаулар жасөспірімдердің кәсіби бағдарын айқындауға, жұмысшы мамандықтарға қызығушылығын арттыруға және болашақ маман ретінде қалыптасуына зор ықпал етеді.
