Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
Мейірім мен қайырымдылық айы
Қасиетті Рамазан айы қарсаңында мектебіміздің 8–9 сынып оқушылары ата-аналарының қолдауымен қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Игі іс аясында жиналған азық-түлік жәшігі мешітке тапсырылды. Бұл – мұқтаж жандарға көрсетілген қамқорлық пен жанашырлықтың айқын көрінісі.
Аталған шара – өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік, жауапкершілік және жанашырлық қасиеттерін дарытуды мақсат ететін «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы тәрбиелік жұмыстардың бір көрінісі. Оқушылар игі іске үлес қоса отырып, шынайы мейірім мен адалдықтың мәнін терең түсінуге қадам жасады.
✨ Жақсылық жасаудан жалықпайық!
🤲 Әрбір игі ісіміз еселенсін!