Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында №28 жалпы білім беретін мектептің 10–11 сынып оқушылары Манаша Қозыбаев атындағы СҚУ Ашық есік күніне қатысты.
Оқушылар университетпен танысып, оқу мүмкіндіктері, білім беру бағдарламалары және оқуға түсу шарттары туралы ақпарат алды.
Болашақ талапкерлер үшін факультеттер көрмесі ұйымдастырылып, онда оқушылар оқуға түсу ережелері, ҰБТ-ның бейіндік пәндері, білім беру бағдарламалары, гранттар туралы кеңес алды.
Сондай-ақ оқушылар университеттің зертханалары мен оқу кабинеттеріне экскурсия жасады.
Ашық есік күніне қатысу мектеп оқушыларына студенттік ортамен жақынырақ танысып, болашақ мамандықтар туралы пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік берді.