Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
🌷 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде «Әлемнің жарығы – ана» атты мерекелік концерт өтті.
Оқушыларымыз бен ер азаматтарымыз дайындаған әсем әндер, әсерлі билер және жүрекке жылы тиетін өлең жолдары аруларымызға ерекше көңіл күй сыйлады.
Концерт барысында аналарға деген құрмет пен алғыс сезімі айқын көрініс тауып, әрбір өнер нөмірі мерекелік көңіл күйді одан әрі арттырды. Көктемнің шуақты мерекесінде аналарымыз бен аруларымызға шаттық, қуаныш сыйлады.
Осындай мерекелік шаралар мейірім мен сыйластықты арттырып, аналарға деген құрметімізді білдіруге мүмкіндік береді.
💐 Барша нәзік жанды аруларымызды көктемнің шуақты мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен отбасыларыңызға амандық тілейміз