Эстетикалық цикл әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында мектепте оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, педагогтердің тәжірибе алмасуына және оқытуда заманауи әрі қызықты әдіс-тәсілдерді енгізуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Онкүндік аясындағы жарқын іс-шаралардың бірі – шеберлік сабағы болды. Бұл сабақта қатысушылар сәндік-қолданбалы өнердің әртүрлі көркемдік техникасымен танысты. Іс-шара барысында сабын көпіршіктерімен сурет салу техникасы көрсетіліп, оның көмегімен ерекше әрі әсем өрнектер жасау жолдары таныстырылды. Сонымен қатар скретчинг (гравюра) техникасы ұсынылып, ол оқушылардың ұқыптылығын, қиялын және көркемдік ойлауын дамытуға ықпал ететіні көрсетілді. Бұдан бөлек, фетр матасынан әшекей сандықша (шкатулка) жасау жұмысы ұсынылып, бұл оқушылардың тоқыма материалдарымен жұмыс істеу дағдыларын дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға мүмкіндік берді.