Бүгін мектебімізде қазақтың қасиетті қара шаңырағы мен асыл мұрасын дәріптеген «Бесікке бөлеу» рәсімі өтті
Бүгін мектебімізде қазақтың қасиетті қара шаңырағы мен асыл мұрасын дәріптеген «Бесікке бөлеу» рәсімі өтті. Бастауыш сынып оқушылары мен ұстаздары бірігіп, көрермендерді ұлттық тәрбиенің бастауы саналатын дәстүрмен таныстырды.
Бесіктің киесі мен пайдасын айтып қана қоймай, салттың орындалу барысын әсерлі әрі шебер түрде көрсетті. Оқушылар ұлттық дәстүріміздің маңызын түсініп, ата-бабадан қалған асыл мұраға деген құрметтерін білдірді.
Бұл шара 17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында ұйымдастырылып, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге бағытталды.
Тәрбие табалдырықтан басталса, ұлттық құндылық бесіктен басталады. Ұлт рухын жаңғыртатын осындай игі іс-шаралар жалғасын таба бермек.
