🌸 Наурыз – жаңару мен бірліктің мерекесі 🌸
“№28 жалпы білім беретін мектеп” КММ Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Мектеп ұжымы мен оқушылар ұлттық дәстүрлерді дәріптеп, салт-санамызды жаңғыртатын мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырды.
Мерекелік бағдарлама барысында қазақтың әдет-ғұрыптары көрсетіліп, ұлттық ойындар ойнатылды, ән мен күй шырқалып, би биленді. Оқушылар өз өнерлерін паш етіп, сахналық қойылымдар арқылы халқымыздың бай мәдени мұрасын танытты.
Наурыз – татулық пен берекенің бастауы. Осындай игі шаралар жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, елжандылық рухын нығайта түседі.
