20 наурыз – Ұлттық ойындар күні 🇰🇿
20 наурыз – Ұлттық ойындар күні 
Бүгін мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қызықты әрі тартысты ойындар ұйымдастырылды. Оқушыларымыз қазақтың дәстүрлі ойындары – асық ойнап, арқан тарту арқылы өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын көрсетті.
Ұлттық ойындар – тек көңіл көтеру емес, ол – тәрбиенің, бірліктің және ұлттық рухтың негізі. Осындай шаралар арқылы оқушыларымыз салт-дәстүрімізді тереңірек танып, құрметтеуге үйренеді.
Баршаңызды Ұлттық ойындар күнімен құттықтаймыз! 
