📚 «Таза Қазақстан» кітап көрмесі
Мектеп кітапханасында оқушыларға арналған «Таза Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқушыларды туған жердің табиғатын қорғауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Көрме барысында оқушылар Қазақстанның жануарлар дүниесі, құстар, табиғатты қорғау және экология тақырыптарындағы кітаптармен танысты. Балалар кітаптар арқылы табиғатты аялаудың маңыздылығы туралы мағлұмат алып, өз ойларымен бөлісті.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық санасын қалыптастыруға ықпал етеді.
