
Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған халықаралық форум
2026 жылғы 27 наурызда Петропавл қаласындағы №28 жалпы білім беретін мектеп базасында
«The Resilient Educator: Digitalization of Modern Methodology and Continuous Growth in ELT» атты халықаралық форум өтті.

Форум тәжірибе алмасу, оқытудың заманауи тәсілдерін талқылау және білім беру үдерісіне цифрлық технологияларды тиімді енгізу алаңына айналды.


Іс-шараға облыс пен қала мектептерінен 100-ге жуық ағылшын тілі мұғалімі қатысты. Қатысушылар кәсіби даму мен педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған тәжірибелерімен, идеяларымен және тиімді стратегияларымен бөлісті.

Форумның ұйымдастырушылары – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы.

Мұндай кездесулер шабыт беріп, педагогтарды біріктіріп, заманауи білім беру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.