“Келешек мектептерінің тұжырымдамасы: ортақ мақсат, ұжымдық даму”
“Келешек мектептерінің тұжырымдамасы: ортақ мақсат, ұжымдық даму” тақырыбындағы Келешек мектептеріне арналған екі күндік семинар өз мәресіне жетті. Бұл – тәжірибе алмасу ғана емес, болашақ білім беру жүйесінің нақты бағыттарын айқындаған маңызды алаң болды.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызы тарапынан қойылған міндеттер, Академия ұсынған даму концепциясы – баршамызға үлкен жауапкершілік жүктейді. НЗМ, БИЛ, РФМШ тәжірибелері кәсіби серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Семинардың маңызды жаңалығы – Келешек мектептерінің 20 мектебінде Beyim AI пилоттық жобасын енгізу мәселесінің алғаш талқылануы. Бұл жобаға Петропавл қаласындағы №28 жалпы орта мектептің таңдалуы – мектебімізге артылған үлкен сенім. Бұл сенім – біз үшін жауапкершілік пен даму мүмкіндігі.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызымен ашық диалог өзекті сұрақтарға нақты жауап алуға мүмкіндік берді.
Екі күн – мазмұнды, пайдалы, нәтижелі өтті.
Ал ендігі міндет – алынған тәжірибені нақты іске айналдыру.
