Астана қаласында өткен “Келешек мектептерінің тұжырымдамасы: ортақ мақсат, ұжымдық даму” тақырыбындағы үш күндік семинар өз мәресіне жетті.
Астана қаласында өткен “Келешек мектептерінің тұжырымдамасы: ортақ мақсат, ұжымдық даму” тақырыбындағы үш күндік семинар өз мәресіне жетті. Аталған маңызды жиынға мектебіміздің директоры Гульжан Шамилевна Жаканова қатысты.
Бұл семинар – тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, болашақ білім беру жүйесінің нақты бағыттарын айқындаған маңызды диалогтық орта болды. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызы тарапынан қойылған міндеттер мен Академия ұсынған даму концепциясы барша білім беру ұйымдарына үлкен жауапкершілік жүктейді.
Семинар барысында НЗМ, БИЛ, РФМШ тәжірибелері таныстырылып, кәсіби серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.
Семинардың маңызды жаңалығы – Келешек мектептерінің 20 мектебінде Beyim AI пилоттық жобасын енгізу мәселесінің алғаш талқылануы болды. Бұл жобаға Петропавл қаласындағы №28 жалпы орта мектептің таңдалуы – мектебімізге артылған үлкен сенім. Бұл сенім – біз үшін зор жауапкершілік әрі даму мүмкіндігі.
Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызымен өткен ашық диалог өзекті сұрақтарға нақты жауап алуға мүмкіндік берді.
Семинардың үшінші күні НҰРОРДА мектеп-лицейі өз тәжірибесімен бөлісіп, білім беру үдерісіндегі тиімді тәсілдері мен басқару т�
